Біз жөнінде

Moore Kazakhstan – он ірі аудиторлық компаниялардың құрамына кіретін Moore Global Network  аудиторлық, бухгалтерлік және кеңес беру  фирмаларының  халықаралық желісінің мүшесі болып табылады.  

Moore - бүкіл әлем бойынша тәуелсіз фирмалардың бухгалтерлік және консалтингтік жаһандық желісі. Moore Global фирмалары өз клиенттері мен біздің қарым-қатынастарымызға ұсынатын қызметтері арқылы біз сіздің бизнесіңіздің қиындықтары мен мүмкіндіктерін бағдарлауға, бүгінге қамқорлық жасауға және болашаққа сеніммен дайындалуға көмектесеміз. Біз сізді түсінеміз, себебі біз сіздің ісіңізді білеміз.

Біздің ғаламдық желінің бір ғасырдан астам тарихы бар. Бүгінгі таңда Moore Global фирмалары 112 елде жұмыс істейді және 522 кеңседе 34,000-нан астам қызметкері бар. Бұл жаһандық ауқымдылық сізге аудит, салық, бухгалтерлік есеп пен кеңес беру қажеттіліктерінің халықаралық шешімдері үшін кәсіби мамандарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 

Біздің мақсатымыз – бірінші болу, барлық қаржы және салық сұрақтары бойынша  клиенттер әрдайым бізге жүгіне алады. Біз клиенттердің іскерлік және жеке мақсаттарына жетуі үшін, жекелеген шешімдер мен  ақылға қонымды кеңес беру арқылы қол жеткіземіз.

Біздің қызметтер клиенттердің қажеттіліктеріне орай практикалық және жеке көзқарастармен ұлғайып отырады.  Сонымен қатар, үйлесімді бағамен халықаралық сапа – бұл біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымы болып қала береді.

Біздің жұмысымыздың деңгейі үнемі Moore Global еуропалық кеңсесінің  тарапынан сапаны бақылау арқылы расталады.

Біз нарықтағы үлесімізді ұлғайтуға және Қазақстандағы аудиторлық компаниялардың арасында көшбасшы болуға ұмтыламыз, ол үшін  қызмет нарығындағы үлесті арттыру және клиенттерге үйлесімді бағалармен қызметтерді көрсету осы мақсатқа жетудің негізгі құралы деп санаймыз. Тиімділікті түпкілікті сараптау және біздің қызметтеріміздің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу, бізге қызметтердің өзіндік құнын төмен ұстауға мүмкіндік береді. 

Біздің клиенттеріміз, нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін,  тиімділігін арттыру,  белгісіздік жағдайында тәуекелдерді басқару, сондай-ақ капитал нарықтарына қол жеткізуге қажетті қызметтер мен қолдауларға ие болады.
 
Moore Global-дың бір бөлігі ретінде, біз әріптестерімізбен практикалық тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік аламыз. Бұл біздің клиенттерімізге жер шарының қай нүктесінде бизнес жүргізсе де,  жоғары деңгейдегі кеңес алуға және бізбен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын талап етуге ықпалын тигізеді.