KASE ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТТЫ

KASE Биржа мүшелері, листингілік бағалы қағаздарға рұқсат ету бастамашысы және аудиторлық ұйымдардың есептілікті ұсыну мерзімін ұзартты.

Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесі  (KASE немесе Биржа) 2020 жылдың 01 әуірінен бастап келесі есептілік пен ақпаратты ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
 
Биржа мүшелеріне:
 
  1. Мүшелік туралы қағиданың 10 қосымшасы 3 кестесі, сондай-ақ 9 қосымшасының 2 және 3 кестесімен қарастырылған кезеңділік есептілігін ұсыну мерзімі айдың соңғы жұмыс күні өткенге дейінгі мерзімде ұсынылуы тиіс; "Казпочта" АҚ аталмыш есептілікті ұсыну мерзімі осындай есептілік ұсынылуы тиіс айдан кейінгі екінші айдың оныншы жұмыс күніне дейін ұзартылуы тиіс (қазіргі уақытта "Казпочта" АҚ Ұлттық Банкі нормативтік актілерімен және Биржаның ережелерімен есептілікті ұсыну мерзімі жеке, ұзағырақ мерзім белгіленген);
  2. Мүшелік туралы қағиданың 9 және 10 қосымшасының 4 кестесі 1 (Биржа мүшелерінің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мен өзге де нормалар мен шектеулерді бұзғандығы туралы мәлімет) және 5 жолында (Биржамен бірлесіп жұмыс істеуге уәклетті тұлғалардың, бірінші басшысының және оның орынбасарларының қол қою үлгісі бар карточка) қарастырылған ақпараттар мен құжаттарды ұсыну мерзіміне үш жұмыс күні белгіленген;
  3. Алдыңғы абзацта көрсетілген жолдардан басқа, Мүшелік туралы қағиданың 9 және 10 қосымшасының 4-6 кестесінде қарастырылған ақпараттар мен құжаттарды ұсыну мерзімі 10 жұмыс күніне белгіленді.  
Листингілік бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамасышының мерзімі:
 
  1. Листингілік ережелерге сәйкес, жыл сайын Биржаға есептілік ұсынуға жататын есептілік мерзімі  30 күнтізбелік күнге;
  2. Листингілік ережелерге сәйкес, Биржаға ұсынуға жататын есептілік  және құжаттардың, ақпараттардың ұсынылу мерзімі, жыл сайынғы мерзіміне қарағанда 10 жұмыс күніне ұзартылды.  
Эмитенттердің бағалы қағаздарын KASE ресми тізіміне енгізу үшін, KASE таныған, аудиторлық ұйымдардың тізбесінде орналасқан, аудиторлық ұйымдар аталмыш тізімде болуы үшін, мониторинг аясында аталмыш тізімде болу талабына аудиторлық ұйымдардың сәйкестігі "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің  эмитенттер аудиті бойынша Комитеті туралы қағидасы " ішкі құжатына сәйкес, ақпараттар, есептілік және құжаттарды ұсыну мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылды.
 
Есептілік және басқа да ақпараттарды ұсыну мерзімі Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай режимі кезеңінде қолданылады, сондай-ақ аталмыш режимді тоқтатқан күннін бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде қолданылады. Сонымен қатар, жыл сайынғы есептілікті рұқсат ету бастамашысының ұсыну мерзімін ұзарту, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың ақпарат ұсыну мерзімін ұзарту 2020 жыл бойы қолданылады.

5.jpg