КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕГІ MOORE STEPHENS KAZAKHSTAN-НЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

Құрметті клиенттер,
 
Алматы мен Нұрсұлтан қалаларында енгізілген карантинге байланысты біз өз қызметімізді толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында және сізге пайдалы болу үшін барлық шараларды қолдандық.
 
Қызметкерлердің үйде жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар және олар серіктестер мен директорлармен тұрақты байланыста болады. Біз карантин кезінде жұмысты жалғастыру үшін виртуалды және қашықтағы байланысты пайдалануды жөн көрдік.
 
Біздің қызметкерлер жұмысқа бару кезінде басқа адамдардың топтарында болмауы және біздің клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз қашықтықта жұмыс жасап жатырмыз. Біздің басты басымдылығымыз - қауымдастықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі.

Режим-работы-kz.jpg