Серик Кожикенов

История партнеров, Серик Кожикенов, Moore Stephens Kazakhstan


Аудит бойынша серіктес

MBA
 




Маған өз және шектес мамандықтардың жаңа қыр-сырларын меңгеру әрқашан қызық болатын. 90-шы жылдардың ортасында, мен бағдарламашы болып жұмыс істей бастаған банк әйгілі ресей компаниясының есеп жүргізудің кешенді автоматизациялау бағдарламасына тапсырыс берген болатын. Бағдарлама жасаушы тарапынан қолдау көрсету тоқтатылғаннан және жұмыста ақаулар жиілегеннен кейін бірнеше айлар ішінде оның дәлме-дәл көшірмесін дайындап қана қоймай, жеке, қосымша модульдерді жасаудың сәті түсті. Мен үшін осы тәжірибенің құндылығы өзімнің білім деңгейімді тексере отырып, банктің бизнес-процестері алгоритмін түсінуге мүмкіндік берді.


Аудит менің әуестененін қызметім болатыны туралы ешқашан ойламаппын, өйткені бұл қызметке халықаралық аудиторлық фирманың шақырумен 30 жасымда келдім. Бұл уақытқа дейін салық комитетінің бөлім басшысы және өндірістік холдингтің қаржы директоры қызметтерін атқардым. Аудитор жұмысының негізгі ерекшеліктерінің бірі – оның жобалық сипаты. Әр жобада мамандардың жаңа тобы құрылады да, қысқа уақыт мерзім ішінде бизнестің әртүрлі саласы бойынша көптеген кәсіби мамандармен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Жасалған таңдауыма ешбір өкінбеймін, білімді және дарынды адамдармен тілдесумен тартымды жұмысты бірге үйлестіру өте қызық.

Кәсіби қызметімдегі үш бетбұрысты кезеңді атап еткім келеді. Біріншісі – ақпараттық технологиялар саласындағы 9 жылдық білім мен қызмет. Екіншісі – алдағы оқиғаларды түсінуді және болашағымды өзгерткен Ұлыбританияның ең атаулы бизнес мектептерінің бірінде академикалық білім алу. Және соңғысы, Moore Stephens желісіне қосылу. Соңғы кезеңнің маған өте маңызды болу себебі, оның ірі халықаралық бухгалтерлік фирмалардың бірі болуы ғана емес, сонымен қатар, осы мекемеде қызмет атқару жаңа мақсаттар мен мүмкіншіліктерге жол ашуы.

Аудит дамып келе жатқан салаға айналуы, бір жағынан, мемлекеттік бақылаудың күшеюіне байланысты, және ол компаниялардың қаржы есептемесімен жұмыс істейтін фирмаларға бірқатар талаптар қояды. Бірлестіктің тармақталған құрылымы оның әр мүшесіне әріптестерімен клиенттердің міндеттемелерін қабылдай алу үшін қажет практикалық тәжірибе мен біліммен алмасуға мүмкіндік береді.