Тамақ өнеркәсібі

Қазақстанның тамақ өнімдерін өндірумен және жеткізумен айналысатын кәсіпорындар желісі үлкен, оның экономикаға қосқан үлесі 5,6 млрд. фунттан астам. Бұл салада 1,6 млн. адам жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі саласында өндіріске тартылған көптеген кәсіпорындар бар: 10,800 ауыл шаруашылығымен; 900 - балық аулаумен; 2,600 - тамақ өнімдерін өндірумен; және 580 - тағамдық емес ауылшаруашылық шикізатты өңдеумен (мақта-мата және темекі өнеркәсібі) айналысады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндіріс кәсіпорындарының жалпы санының шамамен 30% құрайды.

Тамақ өнеркәсібі мәселелері жөніндегі Moore Global консалтингтік тобының агроөнеркәсіптік кешен өндірушілеріне және қайта өңдеушілерге аман қалып, табысқа жетуге көмектесетін ерекше салалық қаржы құралдары және қызметтері бар. Топтың ТМД-дағы тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының иелеріне және операторларына іскерлік кеңес беру тарихы ұзақ. Біз саланың алдында тұрған қиындықтарды түсінеміз. Біздің қызметтер тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына қаржылық табысқа жетіп, оны өз қызметінің әрбір сатысында көбейтуге көмектесуге арналған.

Moore Kazakhstan аяқталған жобаларының ішінде:
  • Беккер және К – Қазақстандық қор биржасына шығу аудиті
  • PepsiCo Kazakhstan – аутсорсингтік қызметтер: еңбекақы және кадрлық құжат айналымы, салық есептілігін дайындау
  • Вимм-Билль-Данн Орталық Азия – аутсорсингтік қызметтер: еңбекақы және кадрлық құжат айналымы, салық есептілігін дайындау