Екатерина Капаева

Екатерина Капаева

Серіктес

Серіктес, Аудиторлық қызметтер департаменті
CPIA, CAP

Екатерина – 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар сертификатталған аудитор, CPIA (Certified Professional Internal Auditor), IFM (International Financial Manager), PFM (Professional Financial Manager), CAP, CIPA. Кәсіби қаржы менеджерлері институтының (IСFM, Ұлыбритания) қауымдасқан мүшесі болып табылады. ACCA Diploma in International Financial Reporting, IPFM Diploma in International Financial Reporting, IPFM Diploma in Financial Management дипломдары бар.

Қаржы және бухгалтерлік есеп, аудит салаларында (халықаралық аудиторлық компаниясында аға серіктес), сондай-ақ оқытушылық қызметте (ҚР Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты, КИМЭП Университеті, Халықаралық бизнес академиясы) айтарлықтай тәжірибесі бар.

Оның аудит тәжірибесі әртүрлі салалардағы компанияларды – өндіріс, қаржы, тау-кен және энергетика, мұнай-газ секторы, көлік пен логистика және басқа да салаларды қамтиды. 

Екі жоғары білімі бар (Алматы энергетикалық институты және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы Республикалық МЖК).