Мәмілелерді сүйемелдеу қызметтері

Кешенді қаржылық тексеру – бұл баға белгілеу, мәміле құрылымы және мәміле аяқталған соң оны жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдауда сүйемелдеу үшін ақпарат ұсынып, нысаналы бизнесті егжей-тегжейлі зерттеу. Нәтижелерді әлеуетті сатып алушылар кез келген мәмілеге тән бағалау есебі, тәуекелдерді басқару есебі түрінде ұсынады. Бұл есептер бірқатар мәмілелер, оның ішінде акцияларды тапсыру, шығару және банктің қайта қаржыландыруы бойынша пайдаланылады.

Кешенді қаржылық тексеру инвестицияны бағалау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар оған бизнес-жоспардың құнын бағалау және талдау кіруі мүмкін.

Біз сізге қалай көмектесе аламыз

Мәмілені бағалау кезінде клиенттер бірлескен қызмет, бұйымдар, нарықтар, жинақтар, өнімділік және баға сияқты мәселелерді зерттеуі керек. Мәміле жасауға кедергі келтіретін басқа жағдайларға тұрақсыз қаржылық көрсеткіштер, қоршаған ортаны қорғау мәселелері және сот даулары кіруі мүмкін.

Мәмілелерді сүйемелдеу жөнінде Moore Kazakhstan командасы сатып алу және тапсыру бойынша мәмілелер жасалғанда кешенді қаржылық тексеру есептерін дайындайды. Біздің есептер шешім қабылдайтын тұлғаларға арналған әрі баға белгілеу жөніндегі келіссөздерде көмектеседі.

Әрбір мәміле ерекше, біздің корпоративтік қаржы командасы да осыны жақсы түсінеді: Қойылатын міндетке қарамастан, біздің мамандар командасы икемділік танытып, әрдайым көмегіміз қажет жерден табылуға дайын. Мәмілелерді сүйемелдеу бойынша біздің қызметтерге мыналар кіреді:

Неліктен Moore Kazakhstan компаниясы?

Компанияның корпоративтік мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті бірігу, сатып алу және сату стратегиясын тұтастай және коммерциялық тұрғыдан ақылға қонымды тәсілмен жоспарлау және жүзеге асыру үшін біз клиентпен жұмыс істейміз. Біздің тәуелсіздігіміз клиенттеріміздің мүдделерімен толығымен үйлесімді екендігінің кепілдігі болып табылады.