Көлік

Қазақстан және ТМД-да көлік қызметтеріне сұраныс әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан айтарлықтай қысқарғаннан кейін қайта өсіп келеді. Өсудің негізгі себептері - бұл достастық елдерінің әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануы және экономикалық өсуге оралу. Бұл сұранысты қанағаттандыру үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту бүкіл өңірдің үкіметтері үшін басымдық болып табылады. Біз Moore Global - да мұндай даму нарыққа қатысушылардың алдына қажетті инвестициялардың ауқымы, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу, жекешелендірумен және өсіп келе жатқан бәсекелестікпен байланысты мәселелер сияқты күрделі міндеттер қойып отырғанын түсінеміз.

Авиа, теңіз және теміржол тасымалдары, экспедиторлық және стивидорлық қызметтер сияқты бірқатар көлік саласындағы тәжірибеміздің арқасында біз осы саладағы әлеуетті клиенттердің бухгалтерлік есеп және аудитке қатысты қажеттіліктерін қанағаттандыра аламыз. Сіздің компанияңызға қаржылық жоспарлау, аудит және консалтинг сияқты қандай қызметтер қажет болуы ықтималдығына қарамастан, біздің мақсатымыз – дәл Сіздің бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін сапалы сервис ұсыну.


Кеме қатынасы

Халықаралық сипатқа ие кеме қатынасы саласының алдында елеулі мәселелер тұр: кемелердің артық ұсынымдары, тасымалдау мөлшерлемесінің төмендігі, бункерлік отын шығындарының артуы, кеме құнының құнсыздануы, қаржыландырудың азаюы, сонымен қатар нормативтік талаптардың күшеюі.

Осы саладағы консультациялық қызметтер саласында 70 жылдан астам тәжірибесі бар танылған көшбасшы бола тұра, Moore Global бүкіл әлем бойынша кеме қатынасы компанияларының тапсырмаларын орындайды және реттейді. Саланың ерекшеліктерін, оның қиындықтарын және даму үрдістерін айтпай-ақ біліп, терең түсінетінімізден клиенттеріміз тек ұтады.

Біз ерекше қызметтер жинағын ұсынамыз, оның ішінде сыртқы аудит жүргізу, жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ақпараттың шынайылығын растау, іскерлік қолдау және бухгалтерлік есеп аутсорсингі, салық жүктемесін жұмсарту және жоспарлау қызметтері.

«Кеме иесінен кеме қатынасы саласындағы қандай халықаралық аудиторлық фирма ойыңызға келеді деп сұрасаңыз, ол сөзсіз Moore Stephens деп айтады» - Lloyd's List басылымы.