Серіктестерімізбен сұхбат
Moore Global-дың бір бөлігі болу – жай ғана жұмыс істеуден де үлкен мағынаға ие. Бізбен бірге сіз ауқымды әрі мәнді қауымдастықтың мүшесіне айналасыз. Біз маңызды да нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жаһандық платформаны, сондай-ақ үйренуге, өсуге және дамуға арналған құралдарды ұсынамыз. Өйткені біз үшін әлеуметтік прогресс қаржылық өсіммен бірдей маңызды. Бұл – The Moore Way, яғни Moore жолы.
Сұхбат
Серіктестерімізбен сұхбат
Серіктестерімізбен сұхбаттарды оқып, олардың Moore-дағы кәсіби жолдарын қалай салғанын және оларды күн сайын не шабыттандыратынын біліңіз.
Сұхбат
Серик Кожикенов
Серіктес, Аудиторлық қызметтер департаменті | MBA
Астанадағы кеңсе
Маған әрдайым өз саламмен қатар, оған жақын мамандықтардың жаңа қырларын меңгеру қызық болатын. 90-жылдардың ортасында мен жұмысымды бастаған банкте бағдарламашы болып жүрген кезімде, есепті кешенді автоматтандыру бойынша белгілі бір ресейлік компаниядан жүйе сатып алынды. Біраз уақыттан кейін әзірлеушінің қолдауы тоқтап, жүйеде ақаулар шыға бастағанда, мен бірнеше ай бойы ұйқысыз түндер өткізіп қана қоймай, бағдарламаның дәл көшірмесін жасап шығып, қосымша модульдерді де әзірледім. Бұл тәжірибенің мен үшін құндылығы тек өз білімімді сынауда ғана емес, сонымен қатар банктің бизнес-процестерінің алгоритмін терең түсінуде болды.
Аудит менің басты кәсібім болады деп ешқашан ойлаған емеспін, өйткені оған мен 30 жасымда ғана, халықаралық аудиторлық фирмадан ұсыныс алған кезде келдім. Ол уақытқа дейін мен салық комитетінде бөлім басшысы болып, өндірістік холдингтің қаржы директоры қызметін атқардым. Аудитор жұмысының басты ерекшелігі – жобалық сипатта болуы. Әр жобада жаңа команда құрылып, түрлі салалардағы кәсіби мамандармен қысқа уақыттың ішінде жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Таңдаған жолыма еш өкінбеймін – бұл маған қызықты жұмысты жоғары білімді, талантты адамдармен қарым-қатынаспен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Өзімнің кәсіби өмірімдегі үш маңызды кезеңді ерекше атап өткім келеді. Біріншісі – ақпараттық технологиялар саласында тоғыз жыл оқып, жұмыс істеген соң қаржы саласына бет бұрған сәтім. Екіншісі – Ұлыбританияның үздік бизнес мектептерінің бірінде академиялық білім алып, өз көзқарасымды және болашаққа деген қабылдауымды түбегейлі өзгерткен кезең. Ал үшіншісі – Moore Stephens желісіне қосылуым. Бұл мен үшін тек әлемдегі ең ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың біріне қосылғаным үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа мақсаттар мен жаңа сын-қатерлерге жол ашып, жаңа мүмкіндіктер бергені үшін де ерекше маңызды оқиға болды.
Аудит саласы бүгінде мемлекеттік реттеудің қатаңдауына байланысты үнемі дамып келеді және компаниялардың қаржылық есептілігін тексеретін фирмаларға жоғары талаптар қояды. Кең ауқымды халықаралық желіге мүше болу әріптестермен тәжірибе мен білім алмасуға, клиенттер алдындағы міндеттерді лайықты деңгейде орындауға мүмкіндік береді.
Сұхбат
Василий Никитин
Серіктес, Аудиторлық қызметтер департаменті | CMA, CISA
Алматыдағы кеңсе
Маған жұмысыңда не ұнайды деп сұрағанда, мен ақшаға кроссворд шешуді ұнатамын, деймін. Мұнда асыра айту жоқ, маған әрқашан шығармашылық жұмыс сәтті болды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, мен конструкторлық бюроға жұмысқа орналастым. Өкінішке қарай, бағдарлама жасау сол кезде көп талап етілмеді, бірнеше жылдан кейін, аспирантурада оқып болған соң, жаңа мамандықты басынан бастап меңгеруге тура келді. Мен экономикалық жоғары оқу орнын бітірдім, 10 жылдай ірі халықаралық аудиторлық фирмада қызмет жасай жүріп, осы уақыт ішінде екі мамандықтың шеңберінде еңбек еттім. Осы екі саланың тоғысын Moore Global компаниясында кеңінен қолдана бастадым.
Халықаралық сапа – қолжетімді бағамен. Бұл біздің ұранымыз ғана емес, біздің стратегиямыз. Ірі халықаралық аудиторлық желінің мүшесі бола отырып, біз сапаның бекітілген деңгейін сақтаймыз. Біз шығарған қаржы есептемесі тәуелсіз серіктестік тексеруінен өтеді. ТМД-дағы әріптестер әрбір жаңа жоба бойынша іс қағаздарды тексереді. Сонымен қатар, екі-үш клиент бойынша аудиторлық файлдар міндетті жылдық тексеруден өтеді.
Бұл, әрине, қаражатты қажет ететін іс. Сондықтан да, клиенттерге бәсекеге қабілетті бағаларды ұсыну үшін аудиторлық процесті барынша автоматтандырдық. Аудиторлық құжаттардың дайын үлгілерінен бөлек, қаржы есептемесін компиляциялау және ашып көрсету, салық декларацияларын дайындау, қаржы есептемесін форматтау бойынша бағдарламалық жасақтаманы жасап, өз жұмысымызда қолданамыз. Бұл аудит бағасын төмендетіп қана қоймай, адами факторға байланысты қате жіберу қаупін азайтады.
Қазақстандағы аудит нарығында баға айырмашылығы орасан зор. Танылған сапасы мен жоғары сағаттық мөлшерлемесі бар үлкен фирмаларда «серіктеспен амандасу» құнының өзі бірнеше жүз доллар тұрады. Бағамы қызметіне сәйкес, күдік туғызатын төмен бағаға жұмыс істейтін фирмалар да кездеседі. Ал біз клиенттерге, жұмыс сапасын сақтай отырып, қисынды бағалар ұсынамыз.
Біздің абсолютті басымдылығымыз – орта деңгейдегі компаниялар. Үлкен фирмалар, көбінесе, ірі клиенттерге бет бұрады, ал орташа компанияларға уақыт пен ресурстары жетпеуі мүмкін. Біз үшін осындай әр клиент маңызды, әр жобаға ең білікті мамандар жіберіледі. Біз клиенттеріміздің нақты қажеттіліктерін түсініп қана қоймай, әрқашан олар күткен нәтижелерді асыра орындауға бар күшімізді саламыз.






