Сатып алушының тапсырмасы бойынша кешенді сараптама жүргізу
Егер сіз бизнесті сатып алғыңыз немесе сатқыңыз келсе, бүкіл процесс барысында біздің сарапшылық кеңестер сізге максималды пайда алуға көмектеседі.
Бизнеске арналған қызметтер
Сатып алушының тапсырмасы бойынша кешенді сараптама жүргізу
Экономиканың қатаң жағдайларында әлеуетті мәмілелерді бағалау бұрынғыдан да маңызды және бәсекелі артықшылықтың маңызы зор. Кешенді қаржылық тексеру мәмілені жоспарлау кезінде, тіпті мәміленің пайдалылығы туралы мәселені шешу кезінде маңызды аспект болып табылады, себебі бұл сатып алу бағасына әсер етуі ықтимал.
Корпоративтік қаржылар бөліміндегі біздің тәжірибелі мамандар және өнеркәсіп пен салықтар жөніндегі сарапшылар аталмыш сатып алу негізделген негізгі критерийлерді тексеру кезінде әлеуетті сатып алушыларға көмектесу үшін кешенді сараптама жүргізеді.
Біздің кешенді сараптама жүргізу әдісіміз әлеуетті сатып алушылармен және қаржыгерлермен жан-жақты және уақытылы кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Мәміленің бүкіл мерзіміне шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету шешуші мәнге ие, сондықтан біз келісілген мерзімдерге сәйкес үнемі клиенттерді жаңартулар, аралық баяндамалар және қорытынды есептер туралы хабардар етіп отырамыз.
Одан басқа, біз мәміле аяқталған соң клиенттің табысын жақсарту үшін құн бағалауын жүргіземіз, сатып алу-сату шарттары бойынша жобаның қаржылық схемасын әзірлейміз және кеңестер ұсынамыз.
Біз жұмысымыздың көлемін ұсынылған транзакцияға бейімдейміз, бірақ сатып алуды тексерудің әдеттегі тапсырмасы мыналарды қамтиды:
- Өткен кезеңдердің қызметін, ақша ағындарының, активтердің және міндеттемелердің қозғалысын терең талдау
- Компания қызметінің болжамды көрсеткіштерін бағалау, оның ішінде бизнес-модельдің негізгі драйверлерін, ақша ағындарының динамикасын, айналым капиталына қажеттілікті және бизнестің негізгі сезімталдық факторларын талдау
- Компанияның қаржылық жүйелері мен бақылауларына шолу
- Кәсіпорынның салық жағдайын талдау
Сондай-ақ біз бизнесті сатып алу мәмілелерінің талаптары мен құжаттамасына қатысты көптеген мәселелер бойынша кеңес береміз. Оның ішінде кепілдіктер мен растаулар, шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелер, айналым капиталының жеткіліктілігі, таза қарыз және мәміле аяқталғаннан кейінгі түпкілікті есеп айырысу құжаттарын дайындау мәселелері бар.
Бүгін сарапшымен сөйлесіңіз
Біздің сарапшылар сіздің бірегей қиындықтарыңызды түсінуге және мүмкіндіктерді ұзақ мерзімді нәтижеге айналдыруға тырысады.
- Ұсыныс сұрауы
- Бізбен хабарласыңы
"*" indicates required fields
"*" indicates required fields



