2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу және төлеу тәртібі өзгереді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес енгізіледі.

КТС төлеушілер

Корпоративтік табыс салығын келесі субъектілер төлейді:

  • Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
  • Қазақстанда тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын немесе Қазақстандағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар.

Мемлекеттік мекемелер КТС төлеушілер қатарына жатпайды. Сонымен қатар, салық төлемейтіндер тізімінен орта білім беру жөніндегі мемлекеттік ұйымдар алынып тасталды.

КТС-тің дифференциалды мөлшерлемелері

Дифференциалды мөлшерлемелер жүйесі енгізіледі.

Жалпы КТС мөлшерлемесі – салық салынатын табыстан 20%, алайда кейбір қызмет түрлеріне ерекше мөлшерлемелер белгіленген:

  • 25% – банк қызметі (бизнеске кредит беруді қоспағанда) және ойын бизнесі;
  • 3% – ауыл шаруашылығы өнімдерін және аквакультура (балық өсіру) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өз өндірісіндегі өнімді қайта өңдеу және сол қайта өңдеу нәтижесінде шығарылған өнімді өткізу (өндіруші заңды тұлғалар үшін);
  • 6% – ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі (жоғарыда көрсетілген жағдайларды қоспағанда);
  • 2026 жылы – 5%, 2027 жылғы 1 қаңтардан – 10% – әлеуметтік сала ұйымдарының қызметі (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда).

Әртүрлі КТС мөлшерлемелері қолданылатын қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдар әр қызмет түрі бойынша бөлек салық есебін жүргізуге міндетті.

Аванстық төлемдер

  • Алдыңғы салық кезеңіне түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табыс шегінің мөлшері 350 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Осы
  • Декларация тапсырылғанға дейін аванстық төлемдерді алдын ала есептеу талабы алынып тасталды.

Енді 1-тоқсанға аванстық төлемдер сомасы мемлекеттік кірістер органдарымен алдыңғы салық кезеңіндегі аванстық төлемдердің 1/12 бөлігі мөлшерінде есептелетін болады.

Uchet.kz материалдары негізінде