2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Осы Заңмен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарын есептеудің жоғарғы шегі ең төменгі жалақының 40-қа дейінгі мөлшерінде, ал қызметкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарын есептеу үшін ең төменгі жалақының 20-ға дейінгі мөлшерінде белгіленді.
Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.












