Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа өзгерістерді мақұлдады.

Бұл түзетулер ұлттық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге және электрондық сауданың дамуын ескеруге бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

  • электрондық сауда операторы атты жаңа құқықтық институт енгізіледі. Ол онлайн-сатып алулардың логистикасын қамтамасыз етеді, интернет-дүкендер мен кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіреді және электрондық сауда тауарларын декларациялау мен сақтауды бақылайды;
  • арнайы электрондық сауда тауарларына арналған жаңа кедендік декларация түрі енгізіледі;
  • жаңа ережелерді біртіндеп енгізуге және нарық қатысушыларына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін өтпелі ережелер көзделген.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы одан әрі қарау үшін Мәжіліске жіберілді.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына салыстырмалы кесте