Introduction

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Бағалау қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірледі. Оның мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында мүлікті бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Жоспарға сәйкес бірыңғай нарық 2025 жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама ЕАЭО елдеріндегі нысандардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ неғұрлым ашық әрі біріздендірілген бағалау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобасы Сенатта өткен дөңгелек үстелде депутаттардың, салалық министрлік өкілдерінің, бағалаушылар палаталарының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен таныстырылды.

Талқылау барысында бірыңғай нарықты іске қосуға қатысты нормалар, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, заңның ережелерін нақтылауға және оңтайландыруға бағытталған басқа да түзетулер қаралды.