Introduction

2026 жылғы 9 қаңтардағы № 257-VIII Заңға сәйкес, 2026 жылғы 12 наурыздан бастап жұмыс берушілер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ) бойынша бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлға тартылады.

Қандай бұзушылықтар үшін айыппұл салынады?

ӘҚБтК-нің 98-бабына 1-1-тармақ енгізілді. Жауапкершілік келесі жағдайларда қолданылады:

  • ЕШЕАБЖ-ге мәліметтерді енгізбеу;
  • мәліметтерді уақтылы енгізбеу;
  • мәліметтерді толық көлемде енгізбеу;
  • қате немесе дұрыс емес ақпарат енгізу.

Айыппұл мөлшерлері

Бірінші бұзушылық

  • Лауазымды тұлғалар – 30 АЕК (2026 жылы – 129 750 теңге)
  • Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар – 60 АЕК (259 500 теңге)
  • Орта бизнес – 80 АЕК (346 000 теңге)
  • Ірі бизнес – 150 АЕК (648 750 теңге)

Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық

  • Лауазымды тұлғалар – 60 АЕК (259 500 теңге)
  • Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар – 80 АЕК (346 000 теңге)
  • Орта бизнес – 100 АЕК (432 500 теңге)
  • Ірі бизнес – 200 АЕК (865 000 теңге)

ЕШЕАБЖ-ге қандай мәліметтер міндетті түрде енгізіледі?

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына сәйкес жүйеге келесі мәліметтер енгізіледі:

  • қызметкердің ЖСН;
  • жұмыс берушінің ЖСН немесе БСН;
  • лауазымы және еңбек функциясы;
  • жұмыс орны;
  • еңбек шартының мерзімі;
  • жұмысқа кірісу күні;
  • еңбек шартының күні мен нөмірі.

Аталған мәліметтердің кез келгенінің болмауы мәліметтерді толық емес енгізу болып есептеледі.

Мәліметтерді енгізу мерзімдері

№ 353 бұйрықпен келесі мерзімдер белгіленген:

  • Жаңа еңбек шарты – қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;
  • Еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар – 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей;
  • Қызметкерді жұмыстан босату – 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Аталған мерзімдерді бұзу ӘҚБтК-нің 98-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қатені түзетуге бола ма?

Жұмыс беруші қате енгізілген мәліметтерді 30 жұмыс күні ішінде түзетуге құқылы.

Белгіленген мерзімде қате түзетілмесе, әкімшілік жауапкершілік қолданылады.

ЕШЕАБЖ-ні жүргізуге кім жауапты?

Мәліметтерді енгізу міндеті жұмыс берушіге немесе бұйрықпен тағайындалған жауапты қызметкерге жүктеледі.

Жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың болмауы айыппұлдан босатпайды.

Бизнес нені ескеруі қажет?

ЕШЕАБЖ-мен жұмыс істеу кезіндегі бұзушылықтар үшін айыппұлдардың енгізілуі жұмыс берушілер үшін тәуекелдерді айтарлықтай арттырады, әсіресе кадрлық құжат айналымына жүйелі бақылау болмаған жағдайда. Тіпті техникалық қателер, мерзімдерді өткізіп алу немесе мәліметтерді толық енгізбеу айтарлықтай қаржылық санкцияларға әкеп соғуы мүмкін, оның ішінде қайталанған бұзушылықтар кезінде.

HR қызметіне және бухгалтерияға ЕШЕАБЖ-ге мәліметтер енгізу процестеріне ішкі тексеру жүргізу, жауапкершілікті бұйрықпен бекіту, мерзімдерді бақылау тетіктерін орнату, соның ішінде еске салулар мен деректерді қосарлы тексеру, сондай-ақ қателерді 30 жұмыс күні ішінде уақытылы түзетуді қамтамасыз ету ұсынылады. Кадрлық рәсімдерге тұрақты аудит жүргізу тәуекелдерді азайтуға және айыппұлдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Uchet.kz материалдары негізінде