Moore Global

Moore Global – бұл Лондонда штаб-пәтері бар, аудиторлық, бухгалтерлік және кеңес беру фирмаларының, ең ірі халықаралық желілерінің бірі.

1907 жылы негізі қаланған Moore Global бүгінде жылдық айналымы 4,5 миллиард долларды құрайтын әлемдегі ең ірі аудиторлық ұйымдардың ондығына кіреді.

Moore Global-дағы мақсатымыз – клиенттерімізге, қызметкерлерімізге және олар тұратын және жұмыс істейтін қауымдастықтардың өркендеуіне көмектесу. Біз 558 кеңседе және 114 елде жұмыс істейтін 37 000-нан астам адамнан тұратын жаһандық есеп және кеңес беру отбасымыз, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде сіздің қажеттіліктеріңізді қамтамасыз ету үшін біріккен және бірлесіп жұмыс істейміз.
 
Бірлестіктің мұндай тармақталған құрылымы оның әрбір қатысушысына әріптестерімен практикалық тәжірибесімен және білімдерімен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл біздің клиенттерімізге жер шарының қай нүктесінде бизнес жүргізсе де, жоғары деңгейдегі кеңес алуға және бізбен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын талап етуге ықпалын тигізеді.
 
Тәуелсіз Moore Global фирмалар желісінің құндылықтары ортақ: кәсіби ұстанымдарға адалдық, жеке көзқарас, жоғары сапа, терең білім және жаһандық көзқарасы.
 
Жергілікті нарықтарды білу мен кең халықаралық тәжірибе желісі, клиенттерге үлкен сенім береді,  олардың қойған талаптарына қарамастан Moore Global жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде кез келген мәселелердің үздік шешімін қамтамасыз етеді.