Халықаралық қаржылық есеп стандарттары жөніндегі кеңес (IASB) шағын және орта бизнеске арналған ХҚЕС стандартына елеулі жаңарту енгізді/a>. Бұл стандарт қазіргі уақытта 85 юрисдикцияда міндетті немесе қолдануға рұқсат етілген.

Аталған стандарт ШОБ үшін несие берушілердің және басқа да есептілік пайдаланушыларының ақпараттық қажеттіліктері мен шағын және орта кәсіпорындардың қолжетімді ресурстары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ол көпшілікке есептілік міндеті жоқ, жалпы мақсаттағы қаржылық есептілік жасайтын ұйымдарға қолданылады.
.
Бұл үшінші басылым ШОБ-қа арналған ХҚЕС стандартының ең ауқымды жаңартуы болып табылады және алғашқы қайта қаралған сәттен бастап толық нұсқадағы ХҚЕС-ке енгізілген өзгерістерді ескереді. Негізгі жаңартулар ХҚЕС 3 («Бизнес біріктіру»), ХҚЕС 9 («Қаржылық құралдар»), ХҚЕС 13 («Әділ құнды бағалау») және ХҚЕС 15 («Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша табыс») стандарттарына сәйкестендірілді.

Назар аударуға тұрарлық негізгі өзгерістер:

  • 2-бөлім: Тұжырымдамалар және негізгі қағидаттар – стандарт нақты талаптар қоймаған жағдайда ШОБ-қа есеп саясатын әзірлеуге көмектесу үшін толық жаңартылды.
  • 9-бөлім: Консолидирленген және жеке қаржылық есептілік – бұрынғы екі үлгіні алмастыратын бірыңғай бақылау үлгісі енгізілді. Бұл консолидирленген есептіліктің салыстырмалылығын арттырады.
  • 11-бөлім: Қаржылық құралдар – бұрынғы «Негізгі қаржылық құралдар» деп аталған бұл бөлім енді бұрынғы 12-бөлімді біріктіреді. Қаржылық құралдарды жіктеудің жаңа принципі енгізіліп, олардың санатталуын жеңілдетті, сондай-ақ қаржылық кепілдік шарттарына, соның ішінде топішілік келісімдерге жаңа талаптар қойылды.
  • 12-бөлім: Әділ құнды бағалау – ХҚЕС 13 стандартына сәйкестендірілген, әділ құнды бағалау жөніндегі барлық талаптарды біріктіретін жаңа бөлім.
  • 19-бөлім: Бизнес біріктіру – ХҚЕС 3 стандартына сәйкес жаңартылды, оған бизнесті анықтаудың жаңа редакциясы және бағалау талаптарының жаңартылған нұсқасы енгізілді.
  • 23-бөлім: Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша табыс – бұрынғы «Табыс» бөлімі енді ХҚЕС 15 стандартына сәйкестендірілді.

Жаңарту пайдаланушылар үшін қаржылық ақпараттың сапасын арттырады, сонымен қатар стандарттың қарапайымдылығын сақтайды.

Бұл жаңарту 2027 жылғы 1 қаңтардан басталатын жылдық есептілік кезеңдерінен бастап күшіне енеді. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі.