Халықаралық қаржылық есеп стандарттары жөніндегі кеңес (IASB) «Қоғамдық есептілік міндеті жоқ еншілес ұйымдар: ақпаратты ашу» атты ХҚЕС 19 стандартына түзетулер енгізді. Бұл түзетулер стандартты жаңарту бойынша жоспарланған жұмыстың аяқталуын білдіреді.

2024 жылғы мамырда жарияланған ХҚЕС 19 сәйкес келетін еншілес ұйымдарға ХҚЕС стандарттарын қысқартылған ақпарат ашу талаптарымен қолдануға мүмкіндік береді. Алғашқы нұсқада 2021 жылғы ақпанға дейін жарияланған стандарттар мен түзетулер бойынша қысқартылған талаптар қамтылған болатын.

Жаңа түзетулер ХҚЕС 19 стандартының қолданылуын жеңілдетіп, 2021 жылғы ақпан мен 2024 жылғы мамыр аралығында жарияланған стандарттар мен түзетулер бойынша ақпарат ашу талаптарын қысқартуды көздейді, атап айтқанда:

  • ХҚЕС 18 «Қаржылық есептіліктегі ұсыну және ақпаратты ашу»;
  • Жеткізушілерді қаржыландыру (ХАС (IAS) 7 және ХҚЕС (IFRS) 7-ге түзетулер);
  • Халықаралық салық реформасы – Pillar Two үлгілік ережелері (ХАС (IAS) 12-ге түзетулер);
  • Айырбастау мүмкіндігінің болмауы (ХАС (IAS) 21-ге түзетулер);
  • Қаржылық құралдарды жіктеу және бағалауға түзетулер (ХҚЕС (IFRS) 9 және ХҚЕС (IFRS) 7-ге түзетулер).

Осы түзетулердің арқасында ХҚЕС 19 стандарты 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енетін барлық өзгерістерді қамтиды – сол кезден бастап стандарт міндетті түрде қолданылатын болады.

Алдағы уақытта ХҚЕС 19 басқа ХҚЕС стандарттары жарияланған немесе қайта қаралған сәтте қатар жаңартылып отырады.