Moore Kazakhstan компаниясының атқарушы директоры және аудит жөніндегі серіктесі Серик Кожикенов Қазақстан Аудиторлар Коллегиясының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Аудиторлар Коллегиясы – елдегі аудит пен бухгалтерлік есеп саласындағы мамандарды біріктіретін ең ірі кәсіби ұйымдардың бірі. 2007 жылы құрылған ұйымның негізгі мақсаты – аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру, стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету, сапаны сыртқы бақылауды жүргізу, нормативтік-құқықтық базаны талдау және аудиторлардың мүдделерін қорғау.
Аудит саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Серик Кожикенов Moore компаниясының Астана кеңсесінің жетекші серіктесі болып табылады және өз кәсібінің мойындалған сарапшысы. Ол халықаралық және жария компаниялар тобының аудитін жүргізуде мол тәжірибе жинақтаған. Оның бұл тағайындалуы аудиторлық кәсіптің дамуына қосқан үлесін және саладағы сенім мен кәсіби стандарттарды нығайтуға ықпал ететін көшбасшылық қасиеттерін мойындау болып табылады.












