Moore Kazakhstan компаниясының аудит бойынша серіктесі Василий Никитин Almaty Management University «есеп және аудит» мамандығының студенттеріне ашық дәріс өткізді.
Дәріс AlmaU мен Moore Kazakhstan ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылып, ХҚЕС 12 «Табыс салығы» стандартының практикалық қолданылуына арналды. Income Taxes.
Студенттерге стандарттың Қазақстандық тәжірибеде қалай жүзеге асырылатынын көруге мүмкіндік берілді:
- кейінге қалдырылған салықтарды есептеу кезіндегі қателерді болдырмауға арналған практикалық кеңестер;
- жиі кездесетін мысалдардың талдауы;
- көпжылдық аудит тәжірибесі бар сарапшының кәсіби пікірі.
Бұл ынтымақтастық болашақ мамандарға бүгінгі күні де, алдағы уақытта да сұранысқа ие дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Біз AlmaU студенттеріне аудит саласындағы мансабын табысты бастау үшін қажетті өзекті құзыреттерді ұсынуға қуаныштымыз.















