19 - 20 ақпанда Moore Kazakhstan Салық консультанттары палатасымен серіктестікте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне арналған оқыту семинарын КР ҚМ МКК Аудит департаментінің Салықтық аудит басқармасымен бірлесіп өткізді.
Семинар тыңдаушылары ретінде Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратының, Қаржы министрлігінің және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Moore Kazakhstan серіктесі Василий Никитин салықтық мақсаттарда ХҚЕС қолданудың практикалық аспектілерін ұсынып, халықаралық стандарттардың тұжырымдамалық негіздеріне және олардың Қазақстандағы жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп тәжірибесінен негізгі айырмашылықтарына тоқталды.
Семинар барысында сондай-ақ КР ҚМ МКК Аудит департаментінің Салықтық аудит басқармасының басшысы Даурен Нургожаев, Салық консультанттары палатасы басқармасының төрағасы Андрей Хорунжий және Палата өкілі Марьям Муханова сөз сөйледі.
Тау-кен өндіру саласындағы аршу жұмыстары бойынша шығындарды есепке алу тәртібін реттейтін IFRIC 20 қағидаларын практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелерін, типтік қателерді және оларды азайту тәсілдерін талқылады.
Moore Kazakhstan үшін мұндай іс-шараларға қатысу – кәсіби тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда сапалы қаржылық есептілік пен салықтық практиканы дамытуға қосылған үлес болып табылады.
















