Moore Global компаниясы Thrive Index зерттеуінің жаңа шығарылымын жариялады. Зерттеу нәтижелері геосаяси шиеленістердің, қарулы қақтығыстардың, энергия бағасының өсуінің және экономикалық белгісіздіктің бүкіл әлемдегі орта бизнес компанияларына әсері күшейіп отырғанын көрсетеді.
Соңғы 12 айда көптеген компаниялар тұрақты нәтижелер көрсеткенімен, алдағы жылға деген болжамдары анағұрлым сақ бола түсті. Thrive Index жалпы көрсеткіші +35,1 деңгейінде сақталды, алайда компания басшылары түсімнің баяулауын, шығындардың жоғары деңгейде қалуын және кадрларды жалдау мен инвестицияларға сақтықпен қарауды күтуде.
Thrive Index жалпы индексі бойынша ең жоғары нәтижелерді Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, БАӘ, Үндістан, АҚШ, Қытай, Австралия және Бразилия көрсетті. Ал Еуропа елдерінің басым бөлігі, сондай-ақ Жапония мен Канада, орташа әлемдік деңгейден төмен нәтиже көрсетті. Бұл экономикалық белсенділіктің қарқынды дамып келе жатқан нарықтарға қарай ауысу үрдісінің жалғасып жатқанын көрсетеді.

Жаһандық белгісіздік орта бизнеске қысымды күшейтуде
- Жалпы іскерлік сенім (Thrive Index +68.8 және өткен жылы +66.3 (+0.5)) оң деңгейде сақталғанымен, геосаяси тұрақсыздық, инфляция және қаржыландыру құнының өсуі болашаққа деген сенімді төмендетті.
- Түсім (Thrive Index +58.4 және өткен жылы +59.1 (-0.7)) өткен жылы оң динамика көрсеткенімен, компаниялар алдағы кезеңде сатылым өсімінің баяулауын күтуде.
- Шығындар (Thrive Index score -49.5 және өткен жылы -49.8 (+0.3)) шикізаттың, еңбек ақысының және энергия ресурстарының қымбаттауына байланысты бизнес үшін негізгі қысым факторы болып қала береді.
- Еңбек нарығы (Thrive Index +41.6және өткен жылы +42.3 (-0.7)) күрделене түсуде: компаниялар қызметкерлерді қабылдауға сақтықпен қарайды және білікті мамандарды ұстап қалуда қиындықтарға тап болып отыр.
- Инвестициялық белсенділік (Thrive Index +58.3 және өткен жылы +57.6 (+0.7) оң деңгейде сақталғанымен, бизнес инвестицияларды неғұрлым таңдаулы түрде жүзеге асырады. Негізгі басымдықтар – цифрлық трансформация, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік.
Зерттеу технологиялар мен инновацияларға инвестиция салатын компаниялардың жаһандық белгісіздік жағдайында да болашаққа сенімдірек қарайтынын көрсетеді.
Moore Global сайтындағы мақаланың толық нұсқасын оқыңыз:
https://www.moore-global.com/intelligence/a-year-of-chaos-takes-its-toll-on-mid-market-businesses/
Moore Intelligence қазіргі замандағы бизнестің негізгі мәселелерін шешіп жүрген көшбасшылардан өзекті ақпарат ұсынады. Толығырақ білу үшін Moore Intelligence платформасына кіріңіз.








