Introduction

Moore Thrive Index зерттеуінің соңғы нәтижелері орта нарықтағы компаниялардың жалпы алғанда болашаққа оң көзқарасын сақтап отырғанын, алайда өңірлер бойынша сенім деңгейі айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті. Кейбір компаниялар цифрлық трансформация мен кадрлық әлеуетке инвестиция салуды жалғастырса, басқалары шығындардың өсуі, геосаяси белгісіздік және экономикалық өсімнің баяулауына байланысты сақтық танытуда.

Зерттеуге 17 елден 2 425 компания басшысы қатысты. Өткен жылғы нәтижелер мен алдағы жылға арналған күтулер бес негізгі бағыт бойынша бағаланды: бизнестің жалпы нәтижелілігі, түсім, шығындар, еңбек нарығы және инвестициялар.

Әлемдік деңгейде бизнес үшін басты сын-қатер – энергияға, отынға, логистикаға және еңбекке жұмсалатын шығындардың артуы. Соған қарамастан компаниялар тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында инвестицияларын жалғастыруда.

17 елдің ішінде ең жоғары нәтиже Оңтүстік Африка Республикасында (+47,6) тіркелді. Одан кейін Сауд Арабиясы (+46,2) және Біріккен Араб Әмірліктері (+44,5) орналасты. Бұл елдерде инвестициялық белсенділік, еңбек нарығына деген оң көзқарас және цифрлық трансформацияның дамуы жоғары іскерлік сенімді қамтамасыз етуде.

Әлемдік орташа көрсеткіштен (+35,1) жоғары нәтижені Үндістан (+44,1), АҚШ (+40,6), Қытай (+39,5), Аустралия (+36,9) және Бразилия (+36,8) көрсетті.

Еуропадағы компаниялар сақтық танытуды жалғастыруда. Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш Чехияда (+32,6) тіркелсе, Бельгия (+12,0) зерттеуге қатысқан барлық елдердің ішінде ең төменгі нәтижеге ие болды. Еуропаның көптеген елдерінде бизнеске инфляция, еңбек шығындарының, энергия бағасының өсуі және экономикалық өсімнің баяулауы әсер етуде.

Жалпы алғанда, зерттеу әлемдік бизнестің дамуын жалғастырып жатқанын, алайда оның қарқыны әр елдің экономикалық жағдайы мен іскерлік сенім деңгейіне байланысты әртүрлі екенін көрсетеді.

Thrive Index - Countries Infographic

Moore Global сайтындағы мақаланың толық нұсқасын оқыңыз: https://www.moore-global.com/intelligence/global-business-moving-forward-in-different-gears/

Moore Intelligence қазіргі замандағы бизнестің негізгі мәселелерін шешіп жүрген көшбасшылардан өзекті ақпарат ұсынады. Толығырақ білу үшін Moore Intelligence платформасына кіріңіз.