13-16 маусым аралығында Шотландияның Эдинбург қаласында Moore желісінің Еуропалық өңірлік конференциясы өтіп, оған 44 елден келген 177 жетекші мен мүше фирмалардың өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар және интерактивті пікірталастар барысында қатысушылар кәсіби қызметтер саласының дамуына әсер ететін негізгі үрдістерді талқылады. Атап айтқанда, жасанды интеллекттің кәсіби қызметтер көрсету саласына ықпалы, халықаралық жобаларды тарту және іске асыру стратегиялары, сондай-ақ қарқынды өзгеріп жатқан нарық жағдайында таланттарды тарту, дамыту және ұстап қалу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, бизнес өсімі, тәуекелдерді басқару, клиенттермен өзара қарым-қатынасты дамыту, оқыту және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру тақырыптарына ерекше назар аударылды. Конференция қатысушыларға тәжірибе алмасуға, өзекті сын-қатерлерді талқылауға және Moore желісіндегі фирмалар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік берді.
Іс-шара Moore Global желісі шеңберіндегі кәсіби байланыстар мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады. Бұл озық тәжірибелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

















