Әріптесіміз Сәуле Касымханованың «ҚСБК бойынша жеңілдіктер күмән астында: PPT ноу-хау мен роялтиге қатысты қағидаларды қалай өзгертеді» атты мақаласы MNU Annual Legal Conference – 2026 халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында жарияланды.
Мақалада негізгі мақсат тестінің ноу-хау, роялти және оларға байланысты қызметтер үшін жүзеге асырылатын трансшекаралық төлемдерге қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерде көзделген жеңілдіктерді қолдануға ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар автор мұндай мәмілелердің коммерциялық мақсаты мен экономикалық мазмұнын құжаттық тұрғыдан негіздеудің екі кезеңнен тұратын практикалық тәсілін ұсынып, төлемдердің қайта жіктелуі, салықтық жеңілдіктерден айырылу және қосарланған салық салу тәуекелдерін төмендету жолдарын сипаттайды.
Конференция материалдарының жинағымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады. Сәуле Касымханованың мақаласын 255-беттен таба аласыз.
https://nara.mnu.kz/items/84d8017c-2703-42e3-a7d0-bf2ee7a77e44











