Салық есебін дайындау және кеңес беру

Біздің қызметкерлеріміз салық ұйымдарында ұзақ жұмыс тәжірибесі болғандықтан салық салудың мән-жайын өте жақсы түсінеді. Біз салық есептерінің толтырылу дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді жинау бойынша біркелкі рәсімдерді автоматтандыратын және оларды құру кезіндегі техникалық қателіктерді болдырмайтын меншікті бірегей компьютерлік құралдар өңдедік. Баяндалған әзірлемелер және білімдер бізге салық декларацияларын уақтылы әрі нәтижелі дайындауға мүмкіндік береді.

Біз нақты уақыт режимінде   жергілікті деңгейдегі мәселелер бойынша сізге салықтық кеңес береміз. Біз сондай-ақ, жергілікті салық органдары және басқа да мемлекеттік органдар үшін қажетті барлық құжаттарды орыс немесе қазақ тіліне аудармасын орындаймыз.