Жылжымайтын мүлікті бағалау

Moore Kazakhstan-ның жылжымайтын мүлікті бағалау саласындағы тәжірибесі коммерциялық жылжымайтын мүлікті бағалауды қамтиды: кеңсе ғимараттары, сауда орталықтары, логистикалық және қойма орталықтары, өнеркәсіптік нысандар, инвестициялық жобаларға арналған жер учаскелері; сондай-ақ құрылысқа немесе ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскелерін бағалау.

Жылжымайтын мүлік портфельдерін бағалау кезінде біз басқа елдердің нарықтарында жұмыс істейтін сенімді және тәжірибелі жылжымайтын мүлік саласындағы мамандармен ынтымақтасамыз.

Бағалау мақсаты

Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептер әртүрлі мақсаттарда қолданылады, соның ішінде:
  • банктегі кепілге бағалау;
  • қаржылық есептілік үшін бағалау;
  • жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі бағалау – сату бағасын анықтауға көмек;
  • инвестициялық жобаларды бағалау үшін;
  • жылжымайтын мүлікті басқару сапасын бағалау үшін ағымдағы нарықтық құнын анықтау;
  • басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бағалау.
Жылжымайтын мүлікті бағалау құны жылжымайтын мүлік түріне және техникалық сипаттамаларына байланысты.

Коммерциялық ұсыныс алу үшін сұранысты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: karakoz.kyrkynbayeva@moore.kz