МСФО (IAS) 16-ға сәйкес, негізгі құралдар – бұл өндіріс процесінде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізуде бір кезеңнен астам уақыт пайдаланылатын материалдық активтер.
Есепке алу моделіне байланысты компаниялар құнын бастапқы немесе қайта бағаланған құн бойынша есепке алады.
Moore бағалаушыларының ғимараттар, құрылыстар және мамандандырылған жабдықтар сияқты негізгі құралдардың әділ құнын бағалауда үлкен тәжірибесі бар.
Бағалау мақсаты
Негізгі құралдардың нарықтық құнын бағалау меншік иесінің қажеттіліктеріне байланысты әртүрлі мақсаттарда қолданылады. Кейде негізгі құралдарды бағалау негізгі қорлардың операциялық бөлігінің нарықтық құнын анықтаудың жалғыз жолы болып табылады.
Мүліктің құнын біле отырып, меншік иесі осы мүлік түріне ашық нарықта сұраныстың бар-жоғын, осы нарық сегментінің ағымдағы жағдайын, объектінің табыстылығы немесе шығындылығын анықтай алады және сәйкесінше басқарушылық шешімдер қабылдай алады, инвесторларды тарта алады, бизнесті қайта ұйымдастыра алады, компаниядағы технологиялық процестердің тиімділігін анықтай алады және т.б.
Негізгі құралдарды бағалау құны олардың саны мен түріне, сондай-ақ компанияның қызмет түріне байланысты.
Коммерциялық ұсыныс алу үшін сұранысты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз:
karakoz.kyrkynbayeva@moore.kz